Мәскеу, 2020 жыл 17 қаңтар, - Еуропадағы Kia үшін жаңа жыл бірден бірнеше беделді марапат әкелді. Францияда XCeed кроссовері «Үздік шағын отбасылық кроссовер» номинациясында Trophée Argus 2020 марапатына ие болды. Ал Ұлыбританияда брендтің екі моделі – Picanto және e-Niro – беделді британдық «What Car? » басылымының нұсқасы бойынша «Жыл автокөлігі» байқауында жеңімпаз деп танылды.
Жаңа жылдың алғашқы күндерінде танымал британдық «What Car? » басылымының нұсқасы бойынша «Жыл автокөлігі» (Car of the Year) марапаттары табысталды. Жеңімпаздар қатарына бірден екі Kia моделі кірді. Үшінші рет қатарынан брендтің ең ықшам моделі Kia Picanto лауреат атанды. Сонымен қатар, 2017 және 2018 жылдары Picanto «Қалалық автокөлік» номинациясында үздік деп танылса, 2019 жылы ол «Баға мен сапаның ең жақсы арақатынасы» (Best Value Car) номинациясында басты марапатқа ие болды. Тағы бір «What car? » сыйлығының лауреаты – 35 000 фунт стерлингке дейінгі баға санатындағы «Шағын электрмобиль» номинациясында үздік деп танылған e-Niro электрмобилі атанды.
«What Car? Car of The Year» байқауының редакциялық қазылар алқасы былай дейді: «Біздің ойымызша, Picanto бірнеше жыл бойы кеңдік, динамика, жайлылық, жабдықтар мен сапа тұрғысынан өз категориясында жаңа стандарттар орнатқан ең қызықты қалалық автокөлік болып келе жатыр. Бұл ретте біздің байқауымызға арналған ең жаңа электрмобильдер санатында өткен жылы абсолютті есепте «Жыл автокөлігі» деп таныған Kia e-Niro өзін өте жақсы көрсете алды. Бұл электрлік кроссовер нарықтағы ең жақсы ұсыныс, біздің сынағымызда ол бұрын-соңды болмаған нақты қуат қорын көрсетті – бір рет алған қуаты 400 км-ден астам жолға жетерлік».
Argus Француз автокөлігі басылымдарының беделді тобы өткізетін дәстүрлі Trophée Argus байқауының жеңімпаздарын жариялау 14 қаңтарда Парижде өтті. Kia Ceed модельдерінің танымал еуропалық тобының жаңа мүшесі болып табылатын Kia XCeed кроссовері «Шағын отбасылық кроссовер» номинациясында үздік деп танылды. Бұл Kia бренді модельдерінің осы француз байқауындағы үшінші жеңісі. 2012 жылы желідегі ең шағын модель Kia Picanto лауреат атанды, ал өткен жылы жеңімпаз деген атақ марка тарихындағы GT санатындағы алғашқы спорттық фастбек Kia Stinger бұйырды. Trophée Argus марапаты Франция нарығындағы бір жылдық жаңа модельдерге беріледі, олар жұмыс сапаларының, жабдықталымның және меншік құнының ең жақсы үйлесімін ұсынады. Қазылар алқасы бағалау кезінде жабдықталымдардың алуан түрлілігін, автокөлік жүрісінің сипатын және өз сегментіндегі модельдің танымалдылығын ескереді. Kia XCeed ақтық кезеңде жапон және корей маркаларының тағы үш жаңа моделімен жарыстырылды.
Kia XCeed өз сегментінде дәстүрлі хэтчбектер мен кроссоверлердің, сән мен қазіргі заманның үздік қасиеттерінің бірегей үйлесімін тарту етеді. Модель Словакияның Жилина қаласындағы Kia зауытында шығарылады.
Kia-ның ақпараттық желісі
Сату бөлімінің жұмыс кестесі:
Дс-Жм 09:00-20: 00
Сб-Жс 10:00-19:00
Сервис орталығының жұмыс кестесі:
Дс-Жм 09:00-19: 00
Сб-Жс 10:00-18:00
Эл.пошта мекенжайы
Официальный дилерский центр Kia – DOSCAR Aktau ведет деятельность на территории PК в соответствии с законодательством РК. Реализуемые товары доступны к получению на территории РК. Мониторинг потребительского поведения субъектов, находящихся за пределами РК, не ведется. Информация о соответствующих моделях и комплектациях и их наличии, ценах, возможных выгодах и условиях приобретения доступна у дилеров Кia в РК. Товар сертифицирован. Не является публичной офертой.
© 2024 ТОО «Allur Motor Qazaqstan»